2019-2020 оқу жылының қазан айына арналған оқушылардың тамақтануының сапасы мен оны ұйымдастыру мониторингі бойынша сарапшылық комиссияның есебі
Сарапшылық комиссиясы мектеп директорының бұйрығы негізінде келесі құрамда құрастырылды: комиссия төрағасы – Рахимжанов Т.С. – мектеп директорының м.а., комиссия мүшелері: ТЖ бойынша директордың орынбасары – Жамалиева А.У., медициналық қызметкер – Чернявская А.А., Кәсіподақ орынбасары – Швецова Т.А., психолог – Ботаева А.Н., ата-аналар комитетінің өкілі – Мельникова Е.А..
Мектепте 255 оқушы. Оның ішінде: Мектепалды сыныптан – 21 оқушы, бастауыш сыныптан – 103 оқушы, 5-11-сынып – 21 оқушы.
Тегін ыстық тамақтанудың тізімінде 56 оқушы:
Мемлекеттік АӘК алуға құқығы бар отбасылардың балалары – 17;
Мемлекеттік АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар – 20;
Жетім балалар немесе қамқорлықтағылар – 5;
ТЖ нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін балалар – 0;
Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары – 14.
Бракераждық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес Комиссия мүшелері күн сайын тамақ дайындау сапасын, технологиясын тексерді, күнделікті ас мәзірінен тағам дайындау сәйкестігін тексерді, тағамдарды ауыстыру кестесіне сәйкес тағамдарды ауыстыруды, тоңазытқыштарда мұздатқыш камераларда тағамдарды сақтаудың температуралық-ылғалдық режимін сақтауды тексерді. Медициналық бике ыдыс-аяқты, құрал-жабдықтарды және мүкәммалды жуу ережесін, жүргізілетін жалпы жинау сапасын бақылауды жүргізді. Ас блогының персоналын іріңді және басқа да аурулардың болуына тексеру жүргізді. Ескертулер болған жоқ.
Балаларды тамақтандыруда үнемі қатысамын. Ата-аналардың, оқушылардың барлық тілектерін тыңдаймын, асхана қызметкерлерінің назарына жеткіземін және мүмкіндігінше барлық тілектер орындалуда.
Тамақтануға жауапты: Жамалиева А.У.
30.10.2019 ж.