Бүгін мектебімізде Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

02.09.2025

Шараға 1, 9 және 11-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара әсем әнмен басталып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шараны Біржан сал ауданының бас маманы Сеитова Зиягүл Қайырбекқызы ашып, қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Сондай-ақ салтанатқа облыстық мәслихат депутаты, «Ауыл» партиясының облыстық филиалының төрайымы Аяпбергенова Анара Сайлаубекқызы арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Макинка округінің әкімі Көшкембаев Жанат Сағандықұлы да жас буынға жылы лебізін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Бұл іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңа оқу жылының сәтті басталуына жол ашты.

Просмотров: 3383


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу