20.02.2026
Қоғамның дамуы заң мен тәртіпке, сондай-ақ адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Әрбір мемлекеттің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ал білім беру саласында ұстаздардың кәсіби қызметін реттейтін басты ұстанымдардың бірі – педагогикалық этика. Конституция мен педагогикалық этика өзара тығыз байланысты, себебі екеуі де адам құқықтарын қорғауға, әділдік пен теңдік қағидаларын сақтауға бағытталған.
Конституция – мемлекеттің құқықтық іргетасы. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, міндеттері, сондай-ақ білім алу құқығы бекітілген. Конституцияға сәйкес, әрбір азаматтың білім алуға құқығы бар және мемлекет тегін орта білім алуға кепілдік береді. Бұл қағида білім беру жүйесінің негізгі бағытын айқындайды.
Педагогикалық этика – мұғалімнің кәсіби мінез-құлқы мен адамгершілік нормаларының жиынтығы. Ұстаз оқушыларға білім берумен қатар, оларды құрметтеуге, әділ болуға, жауапкершілікке тәрбиелеуге міндетті. Педагог оқушылардың ар-намысын құрметтеп, олардың құқықтарын бұзбауы тиіс. Бұл талаптар Конституцияда бекітілген адам құқықтары қағидаларымен үндеседі.
Сонымен қатар, педагогикалық этика мұғалімнің қоғам алдындағы жауапкершілігін айқындайды. Ұстаз өзінің кәсіби беделін сақтап, әріптестерімен және ата-аналармен дұрыс қарым-қатынас орнатуы қажет. Әділдік, шыншылдық, төзімділік пен ізгілік – педагог қызметінің басты құндылықтары.
Конституция мен педагогикалық этика – қоғамның тұрақты дамуының маңызды негіздері. Конституция заңдық тұрғыдан құқықтар мен міндеттерді белгілесе, педагогикалық этика сол құқықтарды білім беру саласында іс жүзінде жүзеге асыруға бағыт береді. Сондықтан әрбір ұстаз Конституция қағидаларын құрметтеп, педагогикалық әдеп нормаларын сақтауы тиіс.