2026 жылғы 10 сәуір күні аудан көлемінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Тыныштық Шаменов шығармашылығына арналған алғашқы «Тыныштық Шаменов оқулары – 2026» атты байқау өткізілді.

15.04.2026

 Аталған байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ақынның шығармашылығын насихаттау, оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
 Байқауға аудан мектептерінің оқушылары қатысып, Тыныштық Шаменовтың өлеңдерін жатқа айту,әндерін орындау  бойынша өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылар жоғары деңгейде дайындық танытып, ақын шығармаларын терең түсінетіндіктерін дәлелдеді.

Іс-шара барысында әділқазылар алқасы қатысушылардың сахна мәдениетіне, сөйлеу мәнеріне, дауыс ырғағына және шығарманы жеткізу шеберлігіне ерекше мән берді.

Байқау нәтижесінде үздік қатысушылар анықталып, жүлделі орындар мен алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Қорытындылай келе, «Тыныштық Шаменов оқулары – 2026» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті. Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, ұлттық әдеби мұраға деген құрметін арттыруға үлкен ықпал етті.

Просмотров: 2817


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу