Макинка ауылдық кітапханасы мен мектеп кітапханашысы Т.В. Мұқановамен бірлесіп,

17.06.2026

кіші және орта жастағы оқушылар үшін “Жазғы оқу керуені”ашық аспан астындағы оқу залы - іс-шара өткізді. Іс-шараның басында жаз мезгілінде оқудың пайдасы туралы айтылды. Содан кейін балалар ашық ауада отырды, түрлі-түсті балалар кітаптарымен, ертегілермен, табиғат, жануарлар, ежелгі әлем туралы әңгімелермен танысты.
Жас оқырмандар өздеріне ұнайтын шығармаларды қызығушылықпен оқыды, сүйікті кейіпкерлері туралы әсерлерімен бөлісті, өздерінің сүйікті кітаптары туралы айтып, оқылған әңгімелерін талқылады. Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті.Іс-шараның мақсаты: ашық аспан астындағы оқу залы оқуға деген қызығушылықты дамытуға, балалардың ой-өрісін кеңейтуге, оқу мәдениетін қалыптастыруға және пайдалы жазғы демалысты ұйымдастыруға ықпал етеді.

Просмотров: 7021

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу