Барлық қатысушылар мерекенің ерекше атмосферасын сезінді. Іс-шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Содан кейін сөз мектеп директоры Т.С. Рахымжановқа берілді, ол мерейтой күнінің еліміздің барлық тұрғындары үшін маңыздылығын атап өтіп, барлық оқушыларға республикамыздың лайықты азаматы болуға ұмтылуды тіледі. Іс-шараны оқушылардың өз күштерімен дайындалған шағын концерт жалғастырды. Біздің ұлан-байтақ Отанымыз, әсем Астанамыз туралы өлеңдер мен әндер шырқалды, сондай-ақ бағдарламаға би де енгізілді. Концерт кезінде оқушыларға мадақтамалар табыс етілді, Тәуелсіздік онкүндігі бойы және гуманитарлық цикл пәндері бойынша өткізілген пәндік олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері анықталды. Концерт "Туған жер"әнімен аяқталды.