"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАКИНКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА МАКИНКА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат

28.03.2024

1 сәуірден бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылданады және қабылдау 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.

2024 жылдан бастап құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін ұзартылды;

Бірінші сыныпқа алты жастан бастап даярлық деңгейіне қарамастан балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар келесі құжаттарды ұсынумен қабылданады:

  • мәлімдеме;
  • өлшемі 3х4 см баланың суреті (2 дана);
  • «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама.Денсаулық сақтау министрлігінің мәлеметі бойынша, биылғы жылдан бастап «Бала денсаулығының паспортыy»ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.

Ағымдағы жылда Оқу-ағарту министрлігіменegov.kz«электрондық үкіметтің» веб-порталы ырқылы мемлекеттік қызметтің бизнес-процесі жаңартылды:

  • микроучаскеге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған. (Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі);

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына артық құжаттарды,оның ішінде «Баланың туу туралы куәлігін» талап етуге тыйым салынғанын хабарлаймыз.

Просмотров: 349


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст